"ҚазАвтоЖолдың" экс-басқарма төрағасы ұсталды

Сурет: pixabay.com

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлын ұстады", - делінген хабарламада.

Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.

Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖолды" 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың 1 ақпанына дейін басқарды.