BANNER

Нұра кентінде абаттандыру жұмыстары қарқынды

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Нұра кентінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда: заманауи балалар алаңы салынып, аудан орталығына апаратын айналма жолға қосымша жарық бағаналары орнатылып, жол белгілері жаңартылуда.

Нұркен Әбдіров көшесінде заманауи балалар алаңы пайда болады.

– Жасанды көгалдар, әткеншектер, балалар құмы, орындықтар, 200 шаршы метрлік урналары бар ойын алаңы орнатылуда. Ол қоршалады. Өткен жылы Әлихан Бөкейхан көшесіне тағы бір алаң орнатқанбыз. Қазір онда қоршау салынып, тас төселуде. Ауылда бес заманауи алаң болады. Болашақта тағы бес футбол алаңын салғымыз келеді, – деді Нұра кентінің әкімі Мұратбек Тұраров.

Сондай-ақ Қонаев, Мыңбаев, Н. Әбдіров, Талжанов және Жауынгер- интернационалистер көшелерінде жол жамау жұмыстары басталды. Тәуелсіздік көшесі тұрғындардың өтініші бойынша асфальтталады. Жалпы кентте жолдың 80 пайызы жақсы жағдайда.

– Осакаровка жақтан біздің ауылға кіретін айналма жолда қосымша 20-дан астам жарық бағанасын орнатамыз. Ол жақ түнде қараңғылау. Кент бойынша көшелердің 97 пайызы жарықтандырылған, – деп атап өтті Мұратбек Тұраров. 

– Көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Биыл біз мың тал отырғыздық, сенбіліктерді тұрақты өткіземіз.

Нұрада жол белгілері толығымен жаңартылды. 

Оның ішінде 15 жаяу жүргіншілер өткелінде жол белгілері жөнделіп, боялды. 

Қазір болашақ саябақтың аумағын тегістеу жұмыстары басталды.

Алдағы жылдары ауылда 600 орындық шығармашылық үйі мен жайлы мектеп пайда болады. Кәріз желілері мен ҚТҚ полигонын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.