BANNER

Нығматулиннің ферроқорытпа зауытына 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

pixabay.com

«YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытына төтенше жағдай кезінде құтқарушыларды кіргізбеуіне байланысты 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында Қарағанды төтенше жағдайлар басқармасы көтерген сот процесі аяқталды. Ферроқорытпа зауытының әкімшілігі қызметкерлердің жұмысын орындауына кедергі келтіріп, қажетті құжаттар мен материалдарды ұсынудан бас тартқаны үшін айыпталды.

Зауыт өкілдері айыптарды негізсіз деп санап, төтенше жағдай туралы еңбек инспекциясы мен полицияға хабар бергендерін атап өтті. Дегенмен, сот төтенше жағдайлар басқармасының пайдасына шешім шығарып, 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Айта кету керек, шілде айында зауытта пештен кенеттен өрт шыққан. Соның салдарынан сегіз жұмысшы әртүрлі дәрежеде күйік алып, төртеуі қайтыс болған.