BANNER

Шерзат Полаттың сотында Қаржаубайға сыра үшін ақша жіберген куәгер жауап берді

Сурет: Жоғарғы сот

Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде жаңа куәгер Бекнұр Асқарбек жауап берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Ол сотталушылар Дархан мен Думанды ғана танитынын мәлімдеді.

«Дархан – жездемнің көршісі, ал Думанмен бір мектепте оқығанбыз. Жеке араздықтарымыз болған жоқ. Жәбірленушілерді мүлде танымаймын», – деді куәгер сотта.

Оның айтуынша, 3 қазан күні кешкі уақытта жездесі хабарласып, артынан Дархан байланысқа шығып, ақша салуды өтінген.

«Дархан хабарласып, бір нөмір жіберді. Мен сол нөмірге апам Светлананың атымен мың теңге аудардым. Ақшаның не үшін керек екенін айтпады. Сол күні дүкенде не болғанынан бейхабар едім, тек кейін білдім. Ақша жіберген кезде нөмірде "Жұмабике" деген есім шықты», – деп түсіндірді ол.

Сот процесінде куәгердің кәмелетке толмағаны ескеріліп, судья оның бет-әлпетін жариялауға тыйым салды.