BANNER

Су тасқынына байланысты 5 облыста жол жабылды

Сурет: pixabay.com

22 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны орын алды, деп хабарлайды  Life09 ақпараттық агенттігі.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған.