BANNER

Журналист Асхат Ниязов сотта жеңді

Ютуб желісіндегі подкасттан

YouTube желісіндегі «ОБОЖАЮ» арнасының авторы Асхат Ниязов Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің шағымынан кейін полиция сотқа берген жала жабу ісі бойынша өткен сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Судья құқық бұзушылық белгілерінің жоқтығына байланысты істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ниязов Азаттық басылымының журналистеріне қолдау білдірген репосты үшін сотқа берілген болатын. Әңгіме бұл басылымның 36 қызметкері ҚР Сыртқы істер министрлігінен аккредитация алмағанында еді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Асхат Ниязовтың әріптестеріне қолдау білдіруіне байланысты құқық қорғау органдарына хабарласты.