"Екі жарым мың жылқы үсіп, өліп жатыр": Динара Сәтжан Жаңаарқа ауданында экологиялық апат басталғанын айтып, дабыл қақты

Фото: instagram/ DinaraSatzhan

Танымал журналист, кәсіпкер Динара Сәтжан жеке парақшасына шұғыл жазба жариялады,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Журналистің айтуынша, елде мал қырылып, үсіп жатыр екен. 

“Менің туған жерім Жаңаарқамда экологиялық апат басталып жатыр. Қыста аязда жылқылар қорек табамын деп, тұяқтары мұз астында қатып қалған. Екі жарым мың жылқыдай үсіп өліп жатыр. Жылқышыларға шұғыл көмек керек!!! Өйткені күн жылып қар еріген кезде мал өлексесі іріп-шіріп жаппай ауруға әкеледі! Жаңаарқаға шұғыл түрде бару керек.
Әйтпесе үлкен биологиялық апат күтіп тұр. Ұлытауға көмектесетін депутаттарымыз қайда?!”, – деп жазды журналист.

Желі қолданушлары жан түршігерлік видеожазбаларды көріп, түрлі пікір жаудырып жатыр. 

“Обал-ай, айдың күннің аманында осындай да жұт болады екен-ау”, “Тоқаевтың қолы тимейді, елтаңба ауыстырайын деп жатыр”, “Жалғыз Қарағанды емес, Көкшетау жақта да осы мәселе болып жатыр”, “Ақмола облысында қолға алынды. Жыл сайын жылқы қырылатын” деп жазып жатыр оқырман қауым.