7 маусым күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның домна цехында төтенше оқиға орын алып, өндірістік кокс ауаға тарап кеткен,- деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
«Арселор Миттал Теміртау» баспасөз қызметі зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды.
Сонымен қатар, экологтар тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ауаны ластағаны үшін 1 миллиард теңгеден астам айыппұл төлейтін болды.
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 05.09.2022 және 03.10.2022 жылдар аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қатысты «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде компанияның барлық кәсіпорынындағы цехтарға жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Тексеру барысында компания Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын өрескел бұзушылық фактілерін анықтады.
Негізгі бұзушылықтар кокстеу, ЖЭО-2, агломерация, домна пеші, № 2, № 3, әк күйдіру сияқты цехтары үшін рұқсат етілген шекті шығарындылардың белгіленген нормативтерінен асып кеткен.
Анықталған заң бұзушылықтар үшін Департамент табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды.
Бүгінгі таңда Теміртау қаласының әкімшілік сотының қаулысымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үшін 2023 жылдың 15 тамызына дейін айыппұлды үш кезең бойынша бөліп төлеу жоспары белгіленді.