BANNER

Арыққа итеріп жіберген: Алғашқы кездесуде көз жұмған алматылық бойжеткеннің өліміне қатысты үкім шықты

Фото: unsplash.com

Алматыда алғашқы кездесуде көз жұмған бойжеткеннің өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.

Оқиға 2023 жылдың 16 қазанында болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен кафеде танысқан. Бастапқыда әңгіме-дүкен құрған екен, алайда кейін жанжал туындапты. 

"Кафеге келушілер ер адамның қызды далаға алып шыққанын көрсе де, ешкім араша түспеген. Қазір далада не болғанын ешкім білмейді. Бірақ 20 минут өткен соң қыздың өзі шақырған полицейлер келіп, оның мәйітін тапқан", – деп жазды журналист.

Кейін Айнагүлді жанжал кезінде ер адам арыққа итеріп жібергені анықталды. Бойжеткен бас сүйек жарақатынан көз жұмды. 

Уақыт өте іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Абайсызда кісі өлтіру" бабына өзгеріп, ер адам 2,5 жылға сотталды.