Бүгін жеті қалада ауа сапасы нашарлайды 

Фото: unsplash.com

27 ақпанда еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды мен Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.