21 наурыз
Сағат 12:00-де Орталық саябақтың жағалауында мерекелік шоу өтеді. Мұнда ән-күй, түрлі қойылымдар және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Сахнада Нұрлан Өнербаев, Маржан Арапбаева, Жігіттер тобы, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртістері, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді.
Сағат 18:00-де кешкі бағдарлама жалғасады.
Кеншілер мәдениет сарайында айтыс өтеді. Қала тұрғындары үшін жергілікті ақындар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.
Сағат 11:00-ден 15:30-ға дейін «Наурыз – дәстүрлер керуені» атты мерекелік автобус қатынайды. Онда ұлттық дәстүрлер таныстырылып, интерактивті бағдарламалар мен көңілді іс-шаралар ұйымдастырылады.
Аялдамалар: Абзал, Кеншілер мәдениет сарайы, Таир, С.Сәпиев атындағы бокс орталығы, «Мечта» сауда үйі және «Global city».
22 наурыз
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты театрландырылған концерт өтеді.
Өтетін орындар: Орталық саябақ, Достық үйі, Теміржолшылар мәдениет сарайы, Майқұдық саябағы, «Жастар» мәдениет сарайы.
Баршаңызды Наурыз мейрамын көтеріңкі көңіл-күймен, отбасыңызбен бірге қарсы алуға шақырамыз! 🌷