Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты.
Екінші орында австриялық Никки Хамл, үшінші сатыда польшалық Лукас Лукащук.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін жасөспірімдер қысқы Олимпиадасында алтын медаль алмаған.