Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі El.kz сілтеме жасап.
Отырыста сөйлеген сөзінде Президент Үкімет жаңа қарқынмен жұмыс істеу керектігін атап өтті.
"Ең бастысы, біздің барлық іс-әрекетіміз Әділетті Қазақстан құру қағидатына сай болу қажет. Алдымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек. Яғни, экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдын ала міндеттерді қайта қарау қажет. Сондықтан дереу жұмысқа кірісу керек" , – деді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.