BANNER

Бибігүл Төлегенова өз таңдауын жасады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бибігүл Төлегенова дауысын үйінде берді. №559 сайлау учаскесінің өкілдері бюллетеньдерге арналған урнаны Бибігүл Ахметқызының тұрғылықты мекенжайына әкелді.

Әртіс бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысу-әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігі. 

"Мұндай шешімдер мұқият ойластыруды қажет етеді, өйткені олар елдегі қазіргі жағдайға ғана емес, келесі ұрпақтың болашағына да әсер етеді. Мен еліміз үшін осы маңызды мәселеге өз дауысымды қоса алатынымды мақтан тұтамын", - деп атап өтті Бибігүл Ахметқызы.
1
Әншінің айтуынша, Қазақстан әлі де жас мемлекет және оны қолдау керек, еліміз үшін маңызды оқиғаларға қатысып, сол арқылы мемлекетіміз үшін дамудың ең жақсы жолын таңдау керек. 

Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып қала басшысы Ерболат Досаев дауыс беру үшін жұбайымен бірге келді. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауысын бере алады.