Нұркент елді мекенінде 4 жастағы баласын соққыға жықты деген күдікпен әйел қамауға алынды. Ресми деректерге сүйенсек, 28 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ақпаратты Life09 агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап таратты.
Аталған баптың санкциясы төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде сот күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамауға алу жөнінде шешім қабылдады.
Нұркентте 4 жастағы баласын ұрды деген күдікпен әйел қамауға алынды
Сурет: Әлеуметтік желіде тараған сурет
