Ол шыға сала өз ісіне өкінетінін жеткізді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл оқиғаға қатысты айтарым, болған нәрсе болды, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы жағдайға қатты өкінемін», – деді ол.
Боксшыны жұбайы Алина мен достары қарсы алған.
Айта кетейік, Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мас күйде көлік жүргізіп ұсталған еді. Кейін сот оны 20 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты
Сурет: Әлеуметтік желідегі парақшасынан