Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады.
Министр Будапештке сапарында Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесіп, Қазақстанда дзюдоны дамыту бойынша бірқатар маңызды келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді.
Мырзабосынов "дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу – ел үшін үлкен абырой, әрі Қазақстан спортшыларына үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат (2028 жылғы) Лос-Анджелес олимпиадасы қарсаңында өтеді",- деп жазды.
Биыл Қазақстан Париж олимпиада ойындарын бір алтын, үш күміс, және үш қола жүлдемен жалпы есепте 43-орында аяқтады. Дзюдошы Елдос Сметов (60 кг) чемпион атанды. Сметов – дзюдодан олимпиадада алтын медаль алған алғашқы қазақ спортшысы.