BANNER

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға құрмет көрсетіп, тон кигізді

Фото: видео скрин

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайға әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетті, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар жақында Париж Олимпиадасында бокстан күміс медаль жеңіп алған Нұрбек Оралбайға сый жасаған сәттің видеосы  TikTok әлеуметтік желісінде тарады.

«Мына құндыз тон арнайы саған атап жасатып алдық. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», – деді Қанат Айтбаев.