Күні кеше Головкин суперорта салмақта төрт титул үшін таласты. Оған көтерілу үшін Головкин 4 келі қосқан.
Алайда мексикалық боксшыдан жеңілсе де, өз салмағында WBA Super мен IBF белбеуінің иегері болып қалды.
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы WBA қазақстандық боксшыны осы тұжырым бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақты қорғауға міндеттеді.
40 жастағы Головкин WBA World белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуі керек. Биыл Лара 39 жасқа толды. GGG шешім қабылдау үшін бес күн беріліп отыр.