Орта салмақта WBO және IBF титулының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті қарсыласы Астанаға келді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Nomad Promotions компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында франциялық Анауэль Нгамиссенгудың (14-0, 9КО) елорда әуежайына келген видеосын жариялады.
Айта кетейік, Анауэль Нгамиссенгу 1996 жылы Конго Республикасында дүниеге келіп, 2016 жылы Франция атынан Рио Олимпиадасында өнер көрсетті.
Франциялық боксшы 2019 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, қазірге дейін 14 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.
BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, Анауэль Нгамиссенгу орта салмақта әлемдік рейтингіде 9-орында тұр.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.