Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.
Одан бөлек, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберген.
Айта кетелік, әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметва қорғады.
Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған.