Кәмелетке толған қазақстандықтар 199 323,1 АҚШ долларын «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында пайдаланды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады.
Оның ішінде баспана жағдайын жақсарту мақсатында — 788 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім ақысын төлеу үшін — 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны — 6 919 131 бала.
Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.
Оның барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей сома есептелген.