18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" синоптиктері 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Бүгін республиканың басым бөлігі кең ауқымды антициклонның әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

– Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, тағы жаңбыр жауады деп күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшеюі, түнде және таңертең тұман болуы сынды ортақ табиғи құбылыстар сипат алады, – делінген хабарламада.