BANNER

19 жастағы футболшы матч кезінде көз жұмды

Фото: Life09

“Хан Тәңірі” футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай “Хан Тәңірі” – “Екібастұз” клубтары арасындағы ойын кезінде болған.

Айта кетейік, Диас Төлеу Алматының “Қайрат” клубының тәрбиленушісі болып, осы маусымда “Хан Тәңірі” клубының сапында өнер көрсеткен.