BANNER

30 жыл бұрын жоғалып кеткен қостанайлық ер адам табылды

Фото: Pixabay.com

Қостанайда полицейлер жергілікті тұрғынға 30 жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін табуға көмектесті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Юлия Хан Қостанай полиция бөліміне әкесі Александр Хан 1995 жылы Қазақстаннан шет елге кетіп, хабарсыз жоғалғанын мәлімдеді.

Көші-қон қызметі қызметкерлерінің арқасында ер адамның қайда екені анықталды. Бірде ол Францияға кетіп, сонда жұмыс істеді, бірақ түрлі себептермен туыстарымен байланысқа шықпаған.

Осылайша бұл оқиға Хан әулеті үшін нағыз сый болды және үміт отын өшірмеу, жақсылыққа сену қаншалықты маңызды екенін көрсетті.