Полиция департаменті жүргізушілерге ауа райы жақсарып, тасжол ашылғанша ұзақ сапарға шықпауды қатаң түрде ескертті. Қарағанды-Астана тасжолының кейбір учаскелерінде жол қозғалысы шектелді. Қазір Теміртау қаласындағы терминалда 300-ге жуық көлік тоқтап тұр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жол полициясының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты Қарағанды-Астана тасжолы жабылды. Теміртау терминалында 300-ге жуық көлік жиналды. Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге ауа райы жақсарып, тасжол ашылғанша ұзақ сапарға шықпауды қатаң түрде ескертті.
– Барлық жол қозғалысына қатысушылардан сақтық шараларын сақтауды, жолдардың ахуалы туралы жаңартылған ақпаратты қадағалауды және төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын ескеруді сұраймыз, – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.