BANNER

+46°С-қа дейінгі ыстық болады: 4 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында күші   15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні   15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні   23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Күндіз 41-44 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында  найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.