Республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Ақмола облысының Есіл ауданында блок-бекетте жолаушылар автобусы тоқтап қалды. Автобуста 46 адам болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жолаушыларды жақын маңдағы жылыту пунктіне эвакуациялап, орналастырды. Эвакуацияланғандардың ішінде бір бала бар. Барлығы – Ресей Федерациясының азаматтары.
Медициналық көмекке мұқтаж адамдар тіркелмеді.
ТЖМ азаматтарды дауылды ескертулерді қатаң сақтауға және қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады.
