BANNER

Ақтөбе облысында жігіт қыздың үйіне балконнан кіріп пышақтап кеткен

Фото: stan.kz

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында Ақтөбе облысында эндокринолог қызды белгісіз ер адам өлтіріп кеткені туралы мәлімдеді,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дина Таңсәрі Ақтөбе облысы полиция департаменті "Адам өлтіру" дерегі бойынша тергеуді бастап кеткенін айтады. 

"Қыз – эндокринолог. Мамандығын 9 жыл оқыған. Белгісіз бір жігіт оның артынан аңдыған. Кеше балконнан шығып, қызды пышақтап кеткен. Туыстарының айтуынша, ол қыздың көлігін ұрлап әкетіп, артынша жол-көлік апатына түскеннен кейін ұсталған. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Иманды болсын", – деп жазған қоғам белсендісі.