Алматыда жүкті әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды

Фото: ЖИ ChatGPT

Алматының Наурызбай ауданындағы Шұғыла ықшамауданында жүкті әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі ауладағы көліктердің көптігіне байланысты шақырту орнына бірден жете алмаған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шақырту таңғы сағат 06:21-де қабылданып, жедел жәрдем бригадасы 06:31-де жеткен. Дәрігерлер келген кезде әйелдің босануы белсенді кезеңге өткендіктен, салмағы 3 370 грамм қыз бала жедел жәрдем зембілінде дүниеге келген.

Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің жағдайы тұрақты. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында.