Танымал әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев 77 жасқа толғанын атап өтті. Мерейтойға ет жақындарынан бөлек, өнердегі шәкірттері, Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Алтынбек Қоразбаев туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде тойлаған. Туған күн кешінде түсірілген видеоларды тойда болған өнер жұлдыздары мен олардың жұбайлары Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті.
"Көке 77 жасыңыз құтты болсын! Амандықтарыңызды тілейміз!", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев желідегі парақшасында тойдан фото жариялап.
Тойда композитордың шәкірттері – Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков, Сәкен Майғазиев Алтынбек Қоразбаевты ортаға алып биледі.
Сондай-ақ, бұл кеште той қонақтары композитордың әндерін де орындады.