Антониу Кошта:
– Осы аптада Брюссельде визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөзді бастадық. Бұл уағдаластық Қазақстан мен Еуропа азаматтары үшін өте маңызды екенін жақсы түсінемін. Келісімге қол қойылғаннан кейін азаматтарымыздың барыс-келісі, алыс-берісі жиілеп, білім алып, жұмыс істеуіне оңтайлы жағдай туады. Бұл халықтарымыз арасындағы достықтың нағыз символына айналады.
Дереккөз: t.me/aqorda_resmi
Антониу Кошта Қазақстан мен ЕО арасында визаны жеңілдету жөніндегі келіссөздер басталғанын айтып, бұл келісім азаматтардың барыс-келісін, оқу-жұмысын жеңілдетіп, екі халық арасындағы достықты күшейтетінін атап өтті
Фото: Life09
