BANNER

Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды

Фото: Life09

28 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та Томарлы ауылында үш адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап . 

Алдын ала мәлімет бойынша, үш адамның өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп болған.

“Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, — деп хабарлайды басылым.