BANNER

"Ауа тамшылары арқылы жұғады": Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирусқа қатысты ескерту жасады

stan.kz

Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың эпидемиологиялық жағдайы мен таралуына қатысты мәлімдеме жасады. Министрлік қазақстандықтарды көп адам жиналған жерге бармауға шақырды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Адам метапневмовирусы – көптеген елдерде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды”, – дейді ведомство.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), атап айтқанда, паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%).

Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады. Қазір Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеліп жатыр.

“Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап республикада ЖРВИ-дің 2 002 335 жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 910 жағдайы, А(H3N2)-1 жағдайы, В тұмауының 30 тіркелді”, – деп мәлімдеді министрлік.

Ведомство халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады. Бұл әсіресе, созылмалы аурулары бар ең осал пациенттерге ескерту жасады.

Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактика шаралары:

Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;

Үй-жайларды үнемі желдету;

Қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;

Ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;

Тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу,

Ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Қытайда метапневмовирус өршіп тұр. БАҚ мәліметінше, вирустың жылдам тарап жатқаны сонша, ауруханалар науқастарға толып жатыр. Метапневмовирустан бөлек Қытайда тағы бірнеше вирус жүріп жатыр. Оның ішінде Mycoplasma pneumoniae де бар. 

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек, дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруымен ауруханаға жатқызылып жатқан балалардың қарасы көп. Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы сырқатты зерттеу үшін науқастардан сараптама алынып, нәтижелері белгілі болғанын мәлімдеді. 

“Амбулаториялық-емханалық бөлімшелердегі және бақылаушы ауруханаларының жедел жәрдем бөлімшелеріндегі тұмауға ұқсас жағдайлардан алынған тыныс алу жолдарының үлгілеріндегі қоздырғыштар, негізінен, тұмау вирусы, адамның метапневмовирусы және риновирус”, – делінген хабарламада.

Талдау нәтижелеріне сәйкес, қазір сондай мезіл болғандықтар ауыр респираторлық жұқпалы аурулар өршіп тұр. Сондай-ақ басқармадағылар бірқатар провинцияларда Mycoplasma pneumoniae ауруы басылып, 14 жасқа дейінгі балалар арасында метапневмовирус жағдайы тұрақсыз болып, асқынып тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Қытайдағы індетке қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.