BANNER

Балқашта Balkhash Tour Fest - 2025 басталды

Gov.kz

Балқашта үшінші жыл қатарынан Balkhash Tour Fest фестивалі өткізілуде - бұл жаздың басты оқиғасы. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық еріктілер жиналды. Балалар мен ересектер үшін қызықты бағдарлама әзірленді.

a52a91a1ad1fab5600a48f96300122dd_original.64400.jpg

afe4ba05df77eda5dd2655d1af0a7c83_original.65615.jpg

Таңертеңнен бастап түрлі шаралар өтіп жатыр: жағажай футболы, шығармашылық шеберлік сабақтар, фудкорттар мен жәрмеңкелер. Балалар үшін «Көк трактор» көңілді шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды. Кешке концерт пен лазерлік шоу ұйымдастырылады.

e3c166204cfa536a8ca9dbdc7284cfd5_original.43258.jpg

-  Біз осында үшінші жыл қатарынан фестиваль өткізіп келеміз. Орналасуы да ыңғайлы, қала сыртында. Жыл сайын кәсіпкерлерді қолдау артып келеді. Егер өткен жылы 25 сауда нүктесі болса, биыл 90-ға жетті. Фестиваль қарқын алып, бағдарлама толығып, қызықты бола түсуде. Бұл туризмді ілгерілетуге ықпал етеді, - дейді Балқаш әкімі Сапар Сатаев.

ee28f06bbae4d39f6550da13b1e8a78c_original.39797.jpg

Фестивальдің бірінші күні желкенді регата да өткізіледі. Оған алты команда қатысады - яхтсмендер Алматы, Түркістан облыстарынан, Шымкенттен келді. Балхаш өз командасын таныстырды.

b2ab44382577f4661053666407baaa33_original.63402.jpg

-  Балқаш көлі желкенді спорт үшін тамаша су айдыны, мұнда үнемі жел соғады. Регата үшін үлкен кеңістік маңызды. Жарысты халықаралық жарыстардың ережелері бойынша өткіземіз, - деп атап өтті ҚР желкенді спорт бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы Ерсұлтан Нарбаев.

6b5d569b529423383893178309baa12b_original.86010.jpg

Фестивальде «Килиманджаро» тобы, қазақстандық эстрада жұлдыздары Qanay, Қайрат Баекенов және рэп орындаушы Nazima өнер көрсетеді.

8ae1e3add7d3c2a2b10d05a2f5531fde_original.64262.jpg

Фестиваль аясында сондай-ақ жастар форумы, туризм саласының өкілдеріне арналған семинар-тренинг, «Екінші өмір» экологиялық акциясы өтуде.

da7764b59faa9e1abc5149db3450035a_original.86691.jpg

Екінші күн де қызықты болады деп күтілуде. Соңында мерекелік отшашу болады.

ed87135c54163fce811e0848bbadd2c5_original.73510.jpg

9240efca39912156b9bfad5a6156b589_original.41739.jpg