BANNER

Батыс Қазақстанда киік еті өңделеді

Фото: Видеодан скрин

 

Батыс Қазақстан облысындағы ет комбинаттары киік етін өңдей бастайды. Өңірде мұндай алты кәсіпорын бар. Ең ірі зауыт – Орал қаласында. Қалғандары Жаңақала, Жәнібек, Казталов және Бәйтерек аудандарында орналасқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алдағы уақытта өңірде дала киіктерінің санын реттеу жұмыстары басталады. Жалпы табынның 20%-ын, яғни 460 мың басты аулау жоспарланған. Киік аулаумен "Охотзоопромның" төрт бригадасы айналысады.

“Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандарттарды бекітті. Біз консерві өндіріп, оларды дүкендерде сата аламыз. Барлық қажетті рәсімдер орындалды. Сондықтан біз өңдеуге басты назар аударамыз”, – деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.