BANNER

Белгілі жазушы Дулат Исабеков қайтыс болды

Фото: Instagram/Дулат Исабеков

Белгілі жазушы Дулат Исабеков 83 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қасымхан Бегманов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Қайран, Дулат ағам - ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? Осы қазір ғана, он - он бес минут бұрын Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Әбдешұлына, қалабасының төңірегіндегі жігіттерге, басқа да ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір өзім ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын…Иә, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына қатты қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды ол.

"LIFE09" ақпарат агенттігі марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Алла әулетіне сабыр берсін!