Бір отбасының қазасына қатысты сот процесінде айыпталушыға жаңа айыптар қосылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта прокурордың мәліметінше, Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіру эпизоды Қылмыстық кодекстің «басқа қылмысты жасыру мақсатында жасалған адам өлтіру» бабымен толықтырылды.
Ал Мирамгүл Қарабалинаның өлімі бойынша оның дәрменсіз жағдайда болғаны және полицияға жүгінбек болғаны ескеріліп, аса ауырлататын мән-жайлар енгізілді.
Сонымен қатар айыпталушыға марқұмдардың әлеуметтік төлемдері мен зейнетақысын заңсыз иеленгені үшін алаяқтық бабы бойынша да айып тағылды. Тергеу мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 520 996 теңгені құрайды.
Сот барысында айыпталушы Мирамгүл Қарабалинаны және әйелінің ата-анасын қасақана өлтіргенін мойындады. Ал Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі алдын ала жоспарланбағанын, оны жанжал кезінде өзін-өзі қорғау мақсатында өлтіргенін мәлімдеді.
Бір отбасының өліміне қатысты іс: Күдіктіге жаңа айыптар тағылды
Фото: ЖИ ChatGPT