Түркістанда 9 айлық сәби екі батарейка жұтып қойған

Фото: Gemini ИИ

Түркістан облыстық балалар ауруханасына 9 айлық сәби ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеру кезінде оның екі батарейка жұтып қойғаны анықталды, деп хабарлайды Liife09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Дәрігерлер шұғыл операция жасап, батарейкалардың бірін алып шыққан. Екіншісі ішек жолына өтіп кеткен. Сондықтан мамандар сәбидің жағдайын бақылауда ұстаған. Бірнеше күннен кейін екінші батарейка табиғи жолмен шыққан.

Операциядан кейін бала үш тәулік жансақтау бөлімінде ем қабылдады.

Қазір сәбидің жағдайы тұрақты.