Біріккен Араб Әмірліктері қауіпсіздік шараларын күшейтіп, елдің әуе кеңістігін уақытша жапты

Фото: ЖИ ChatGPT

Азаматтық авиация жөніндегі бас басқарманың мәлімдеуінше, бұл шешім қауіптің алдын алу мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.


Ресми деректерге сәйкес, шектеу уақытша енгізілген.

Осы жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі әуе шабуылына қарсы жүйелердің зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын тойтарғанын хабарлады. Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметте жарылыс дыбыстары әуе қорғаныс күштерінің әрекетімен байланысты екені айтылған.

Аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Иран тарапынан мұнай тасымалдаушы кемелерге, сондай-ақ АҚШ пен Израильге тиесілі нысандарға шабуылдар жиілеген. Бұл жағдай өңірдегі бірқатар елдерге, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктеріне де қауіп төндіруде.