Бишімбаев әйелін абайсызда өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.
«Мен азаптауларға байланысты кінәні мойындамаймын. Ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді деген айыпқа келетін болсақ, мен Салтанат Нүкенованың өліміне әкеп соқтырған ұрып-соғуды жасағанымды мойындаймын. Бірақ мен мұны қасақана және ерекше қатыгездікпен жасағанымды мойындамаймын», - деді айыпталушы.
«Сіз абайсызда оның өліміне әкеліп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргеніңіз үшін кінәлімін деп санайсыз ба?», - деді Айжан Құлбаева.
«Иә», - деп мойындады айыпталушы.
Байжанов екі бап бойынша да – қылмыс туралы хабарламау және жасыру бойынша кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.
Тараптарға дебатқа дайындалу үшін 29 сәуірге дейін уақыт берілді.