Бишімбаев пен Байжанов сот отырысына келмеді

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Бишімбаев ісі бойынша сағат 10.00-де өтуі тиіс жарыссөз түстен кейінге шегерілді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Сот залына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов келмеген. Дәлірек айтсақ, солар сот отырысына кешігіп қалған.

«Сотталушыны сот залына шамамен сағат 11.00 кезінде әкеледі. Оны жеткізіп, залға кіргізгенге дейін сағат 12.00 болады. Біз түскі сағат 13.00-де түскі үзіліске кетуіміз керек. Сондықтан, сот отырысы сағат 14.30-ға ауыстырылды», - деді судья Айжан Құлбаева.