Биыл қай өңірлерде қуаңшылық болады

pixabay.com

Биыл мамырында егін шаруашылығымен айнласатын өңірлерде ылғалдылық көбіне нормаға жуық және жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

«Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық күтілуде, мұнда жауын-шашынның тапшылығы мен ауа температурасының жоғарлауы болжанады», - деді Қамар Салиева БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, спикер бірқалыпты ылғалды жағдай сақталатын өңірлерді атады:

СҚО

Айыртау және Ғ.Мүсірепов атындағы аудан;

Қостанай облысы

Қарабалық, Сарыкөл, Қарасу, Әулиекөл аудандарында және Б.Майлин атындағы аудан;

Ақмола облысы

Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Ақкөл, Жарқайың, Астрахан және Шортанды ауданы;

Павлодар облысы

Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Қашыр, Успенка, Шарбақты және Май ауданы;

Батыс Қазақстан облысы

Казталов, Жәнібек, Тасқала, Ақжайық, Жаңақала аудандарында және Орал қаласы;

Ақтөбе облысы

Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Ыргыз, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласы;

Атырау облысы

Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласы;

Маңғыстау облысы

Бейнеу және Маңғыстау ауданы;

Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданы;

Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое, Самара, Катонқарағай, Куршим аудандарында және Алтай ауданы;

Түркістан облысы

Қазығұрт және Қаратау ауданы.

«Мамырда Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандарында және Павлодар қаласында ауа райы ылғалды болады. Елдің қалған аймақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады», - дейді ол.