Бүгін Орталық Азия мен Еуразия кеңістігіндегі маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталыққа айналған елордамыз – Астана күні.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
Елордамыздың алғашқы бас жоспары 2001 жылғы 15 тамызда бекітілді. Бұл құжатқа үш рет өзгертулер енгізілді:
— 2009 жылғы 28 қаңтарда;
— 2011 жылғы 30 шілдеде;
— 2016 жылғы 23 желтоқсанда Үкімет қаулысымен.
2024 жылғы 25 қаңтарда Астананың жаңа Бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.