БҮГІН АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Сурет: PIXABAY

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 27 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Синоптиктер жолда сақ болуға және ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеруге шақырады.