BANNER

Бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Canva.com

Бүгін, 3 қараша күні Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін табиғи факторлар жиынтығы.

Мамандардың айтуынша, тыныштық, әлсіз жел, тұман мен температура инверсиясы сияқты құбылыстар қалада түтіннің таралуына кедергі келтіріп, ауаның ластануын арттырады.

Қазақстанның басқа өңірлерінде синоптиктер ауа сапасы нашарламайды деп болжайды.