Бұқар жырау ауданында дарынды әнші, композитор, халық ақыны Доскей Әлімбаевтың есімі берілген ауылда жаңа Мәдениет үйі ашылды.
Биыл Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерінің туғанына 175 жыл толады.
Доскей ауылының тұрғындары Мәдениет үйін салуды көптен бері өтініп келеді.
Жаңа ғимаратта 200 орындық көрермендер залы, үйірмелерге арналған бөлмелер бар.
Мұнда тек балалар ғана емес, белсенді зейнеткерлер де өз өнерлерін ортаға салады.
Домбыра, би және т. б. үйірмелері жұмыс істейтін болады.
Мәдениет үйі «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша салынған.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – оның рухани келбеті. Бұл екі құндылық – біздің өркениетіміздің негізі және ұлттық сананың көрінісі" деп атап өткен болатын. Шынында да, қазақ халқының бірегей рухы оның өнері мен мәдени мұрасынан көрінеді, – деді Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын.
Аудан басшысы жаңа Мәдениет үйі үшін сегіз домбыра мен баян сатып алуға сертификаттар табыс етті.