BANNER

Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды

Фото: Life09

Қырғызстандық танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оған ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр.

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, іс Қырғыз Республикасының қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша ("Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты қоздыру") қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу мәліметінше, Екатерина Бивол қырғыздар мен қазақтарды және басқа да ұлт өкілдерін қорлайтын сөздер айтқан. 21 қазанда оның бейнежазбасы әдепсіз сөздермен әлеуметтік желілерде тараған.