Іші қатты ауырып, жағдайы нашарлаған бала жедел жәрдеммен қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Анасының айтуынша, уақыт өтсе де баланың іш ауруы басылмаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлер баланы тексеріп, іш қуысына рентген жасаған. Нәтижесінде ішекте бөгде заттар бар екені анықталған. Кейін бала балалар хирургиясы бөлімшесіне жатқызылып, шұғыл операция жасалды.
Операция барысында ішектен магнит, бұранда және алтыбұрышты гайка алынды. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен бұранда алып шықты
Фото: ЖИ ChatGPT

