Дәрігерлер, диқандар мен жұмысшылар партиялардың басты аудиториясына айналды

Сурет: ЖИ

Елордада сайлау стратегиялары талқыланып жатқанда, партиялар өңірлерде тұрғындармен кездесулерін жалғастырды.

«Әділет» партиясы студенттермен, кәсіпкерлермен, тұрғындармен кездесіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылады.

«ЖСДП» тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және жер мәселелерін көтерді.

«Байтақ» партиясы экология тақырыбын көтеріп, табиғатты қорғау бағытында сарапшылармен кездесті.

«ҚХП» медицина қызметкерлерімен кездесіп, кадр тапшылығы мен еңбек жағдайын талқылады.

«Ауыл» партиясы ветеринария саласының өзекті мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жариялады.

«Ақ жол» өндірістерді аралап, еңбек ұжымдарымен кездесіп, Respublica мәлімдемесіне жауап берді.

«Respublica» халықаралық байқаушылармен кездесіп, форум өткізді және пікірталасқа қатыспайтынын мәлімдеді.

Осылайша, партиялар өңірлерде халықпен кездесулер өткізіп, өздерінің негізгі саяси басымдықтарын насихаттауды жалғастыруда.